$ 487.37  532.94  5.09

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс елімізге әсер етуі мүмкін

Бұл елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлай түсуде, мемлекет немесе халық сыртқы себеп немесе жау іздей бастайды.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстандық саясаттанушылар Қырғызтан мен Тәжікстан шекарасыдағы қақтығысы біздің елімізге де әсер етуі мүмкін деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына  сілтеме жасап хабарлайды.


Еске сала кетейік, 28 сәуірде  Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы "Головный" су тарату пунктінің ауданында екі ел тұрғындары өзара келіспеушілігінің соңы кескілескен шайқасқа ұласқан болатын. 

29 сәуір күні кешке Қырғызстан мен Тәжікстан қақтығыстан кейін бірінші рет атысты тоқтатып, әскери күштерді мемлекеттік шекара сызығынан шығаруға келісті. 1 мамырда таңертең шекарадағы жағдай тұрақты деп сипатталды. Алайда, бірнеше сағаттан кейін бұл жердегі жағдай шиеленісе түсті: Арқа ауылында тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырды. Сондықтан Қырғызстан ҰҚК ШҚ шекара бөлімшелері қорғаныс позицияларына көшті.

Сол күні  қырғыз аумағында Баткен облысында келіссөздер өтті. Оған Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев пен Тәжікстан МҰҚК басшысы Саймумин Ятимов қатысты. Кездесу барысында олар екі мемлекеттің шекарасында атысты толық тоқтату туралы келісімге қол жеткізді.

Алайда саясаттанушылар бұл жағдайды әлі ұзаққа созылу мүмкін деген пікірде.

"Мемлекет тарапынан мынау оқ атуды тоқтату туралы келісім болғанымен, бұның сарқыншағы әлі алысқа барады. Өйткені адам өлімі болып кетті біріншіден. Екіншіден қаншама материалдық шығын болып жатыр. 

Бұл елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлай түсуде, мемлекет немесе халық сыртқы себеп немесе жау іздей бастайды. Осы факторлардың барлығы эскалацияның жалғасатынын көрсетеді. Қазақстан - Орталық Азияның бір бөлігі, сондықтан бұл елдердің кез-келген әрекеті біздің азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайына бірден әсер етеді", - деді сасаттанушы Ерлан Сайыров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары