Алматы хайуанаттар бағына келушілер қолтырауынның марғауды жеген сәтінің куәгерлері болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео әлеуметтік желіде таралды. Бұл уақытта әйнектің бір жағында балалары бар келушілер болды.
Хайуанаттар бағының мәліметінше, күзден бастап қолтырауындардың жазғы қоршауы бос тұрған, айналасындағы жеке сектордан мысық үнемі өтіп жүрді.
"Келушілердің бұл оқиғаға куә болғанына өте өкінеміз. Келушілер ағыла бастағанда, мысықтар дәлізге тығылды, сондықтан күзетші оларды көрмеді", - деп түсіндірді хайуанаттар бағында.
Қаңғыбас мысықтар жыртқыштардан қалған тамаққа қызыққан.
"Біз аумақта мысықтардың пайда болуының алдын ала алмаймыз - қоршаулар оларды тоқтатпайды. Оларды шығарып тастау да нәтиже бермеді, олар адамдар жете алмайтын жерлерде жасырынып қалуы мүмкін. Қолымыздан келсе де, көп ұзамай жаңалары пайда болар еді. Марғауды құтқару мүмкін болмады, қолтырауындар - ең қауіпті жыртқыштардың бірі, құтқарушылардың өздері зардап шегеді", - деп атап өтті хайуанаттар бағында.
Марғау өлді, ал анасы аман қалды.