05.09.2016, 11:59

"Қорғас" халықаралық орталығының президенті $1 млн көлемінде пара алған

Осынау қомақты сыйлық үшін Василий Ни халықаралық орталықта салынғалы жатқан "бес жұлдызды" қонақ үйдің құрылысына жарияланған байқауды құрылыс компанияларының біріне жеңіп беремін деп уәде берген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Бюро мамандарының айтуынша, ақшаны орталық президенті бопсалау арқылы алған.

"Тергеу барысында белгілі болғаны, Ни өзінің қоластындағы қызметкері - инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы арқылы "Хоргос Тюльпан" ЖШС-нің өкілінен 1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алған. Бұл қаражатқа инвестициялық тендер беруге уәде еткен", - делінген Ұлттық бюро таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда Василий Ни қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.