$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында 15 жасар жасөспірім өтіп бара жатқан қыздарға оқ атқан

Қыздар ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жасөспірім жігіт қыздарға травматикалық қарудан оқ атқан. Полиция Арқалықта екі қызға дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 мамырда Арқалық қаласының полиция бөліміне ауруханадан 17 және 25 жастағы тұрғындардың жарақат алғандығы туралы хабарлама түскен. Олар білек пен жамбас тұсынан оқ тиіп, жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

«Алғашқы тергеу әрекеттері барысында қыздардың Маясова көшесімен өтіп бара жатып тарсылды естігені, содан кейін қол-аяқтарына жарақат түскені анықталды. Қыздар ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында пневматикалық қарудың оғы табылды», – деп түсіндірді полиция департаментінде. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

«Полиция әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықтан оқ атқан 15 жастағы жасөспірімнің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта ата-анасына қатысты «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деді полицияда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары