$ 494.87  520.65  4.91

Біртанов сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеді

"Мен министр болып тумадым, осы елде өстім, төменнен жоғарыға дейін көтерілдім, адал жұмыс істедім, салық төледім және құқығым бар. Мен соттан құқықтарымды сақтауды сұраймын", - дейді ол.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйлеп, БАҚ ақпарат құралдарындағы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл ретте ол өзіне әлі айып тағылмағанын және ешқандай қылмыс жасамағанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Экс-министрдің сөзінше, бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың оған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратқан.

"Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр. 

Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін", - деді Біртанов.

Еске салайық, прокурор соттан Біртановтың үй қамауындағы шектеулерді бұзғанын, сондай-ақ күдікті Біртанов пен оның жақын туыстарының шетелде жылжымайтын мүлігі бар екені туралы ақпаратты ескере отырып, үйқамақтағы мерзімді 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұраған.

"Мен толыққанды Қазақстан азаматымын. Мен министр болып тумадым, осы елде өстім, төменнен жоғарыға дейін көтерілдім, адал жұмыс істедім, салық төледім және құқығым бар. Мен соттан құқықтарымды сақтауды сұраймын.

Ағасы мен жылжымайтын мүлікке қатысты. Өтініште менің жылжымайтын мүлігім (шетелде) бар екені жазылған.  Мүмкін мен бір нәрсені білмейтін шығармын, бірақ сізден құжаттарды талап етуді сұраймын. Егер туыстарымның тұруға ықтиярхаты бар жылжымайтын мүлігім бар екенін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, жоқ құжаттардың бар екенін растаған тергеуші мен прокурордың әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұраймын", - деді Біртанов.

Ол бұған дейін Австрияда отбасымен бірге тұрып, жұмыс істеген ағасының Қазақстанға оралғанын нақтылады.

"Менің ағам осында. Ол менімен бірге болу үшін Австриядағы жұмысын және жайлы өмірін тастап кетті. Осында жұбайымен бірге жұмысқа орналасып, істеп жатяр. Бұл біздің отбасымыздың құндылықтары. Егер тергеушінің түсінігінде бір туысымда жылжымайтын мүліктің болуы - бұл менің қашып кетуіме себеп болса, бұл басқа координаттар жүйесі, мен оны түсінбеймін", - деді Біртанов.

Сондай-ақ экс-министр прокурордың электрондық денсаулық паспортының жұмыс істемейтін жүйесі туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.

"Электрондық денсаулық төлқұжаттарына қатысты прокуратура төлқұжаттар жұмыс істемейді деп мәлімдейді. Соттан менің телефоным экранының скриншотын іске қосуын сұрағым келеді, жеке деректерімді көрсетуге дайынмын. Денсаулық туралы қосымшада мен өзімнің электрондық паспортымнан үзінді көшірмені жүктей аламын. Мен оны алғаш рет 2019 жылдың 16 қыркүйегінде, содан кейін 2020 жылдың 28 тамызында, 2021 жылдың 23 ақпанында және 2021 жылдың 4 сәуірінде жүктедім. Мен тіпті ашып, көрсете аламын, онда менің тіркелген жерім туралы ақпарат, оның ішінде 2020 жылдың маусым айында екі ауруханада COVID-19-дан емделіп жатқаным туралы ақпарат бар.

Яғни, электрондық денсаулық паспортының функционалдығы жұмыс істейді. Иә, толтыруға қатысты мәселе бар, бірақ бұл процесс емханалардың ақпараттық жүйелері платформаға көбірек қосылған сайын жүреді. Бірақ біз тергеу бұл процеске кедергі болып отырғанын естідік және білдік", - деді Біртанов.

Еске сала кетейік, кеше сот отырысында прокурор Төлеген Жараспаев Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырды және мемлекетке аса ірі көлемде - 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар мөлшерінде материалдық зиян келтірді деген күдікке ілінгенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары