06.05.2021, 16:40

Алматыда жолды кесіп өтпек болған қызды автобус басып өтті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Жаяу жүргінші №7-ші қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды

Алматыда жолдан өтіп бара жатқан қызды автобус басып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға 5 мамырда сағат 11.40 шамасында Науаи көшесі бойында орын алған.

Zhontong автобусының жүргізуші Науаи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жаяу жүргінші №7-ші қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД Анықтау бөлімінің бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

Полициядағылар ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.