06.05.2021, 20:28

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

Фото: ашық дереккөзі
Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ.

Мемлекетбасшысы Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы. 

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Президенттің Баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған», деп жазды Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.