Алматыдағы Райымбек пен Абылай хан даңғылдарының қиылысында орналасқан үй аулаларының бірінде орналасқан қоқыс контейнерінен ер адамның бірнеше бөлікке бөлшектелген мәйіті табылды деп хабарлайды Informburo.kz.
Қоқыс орауға арналған полиэтилен қалталарына марқұмның басы мен қолдары бөлек-бөлек салыныпты.
Мәйітті қоқыстан азық іздеп жүрген бомждардың бірі тауып алған. Ол дереу сол маңдағы өзге адамдарға хабарлап, артынша оқиға орнына полиция шақырылған. Кейінірек анықталғаны, өлген жігіт шамамен 25-30 жас аралығында.
Қазір оқиға орны қоршалып, ол жерде полиция өкілдері жұмс жүргізіп жатыр. Жақын маңдағы өзге де контейнерлерден қылмыстың айғақ заттары іздестірілуде.