$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Путинге көңіл айтты

11 мамырда Ресейдің Қазан қаласындағы №175 мектеп-гимназияда белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі


ҚР Президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Бұған дейін қайғылы оқиғаға байланысты Ресей басшысына көңіл айту жеделхатын ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдады.

Еске сала кетейік, бүгін, 11 мамырда Ресейдің Қазан қаласындағы №175 мектеп-гимназияда белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.

Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам ауруханаларға жеткізілген еді. Соңғы мәлімет бойынша, қаза болғандар саны 9-ға жетті. Бұл туралы ел президенті Рустам Минниханов хабарлады.

Татарстанда 12 мамыр Аза тұту күні болып жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары