Жаңалықтар 12.05.2021 сағат 18:00

Шымкентте жергілікті малшы жайылымнан граната тауып алған

Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына шықты.
Шымкентте жергілікті малшы жайылымнан граната тауып алған
фото: Stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкент қаласында малшы егістіктен гранатқа ұқсас зат тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz басылымына сілтеп. 

11 мамырда Шымкент қаласындағы ауылдардың бірінде жергілікті малшы ұсақ мал жаю кезінде гранатқа ұқсас затты тауып алды.

Ер адам оқиға туралы Еңбекші аудандық полиция басқармасына хабарлады.
Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына шықты. Тексеру барысында тәртіп сақшылары қара түсті гранатаны тауып, залалсыздандырды.

Полиция департаменті ескертеді: егер жарылғыш зат табылса, қасына жақындамай, басқаларға қауіпті екенін ескертіп, дереу полицияға телефонына хабарлау ұсынылады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар