Жаңалықтар 13.05.2021 сағат 15:20

Ashyq: Вакцина алғандар қандай түсте болады

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері жоба жетекшілерін осындай сауал қойды.
Ashyq: Вакцина алғандар қандай түсте болады
Фото: SN.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ashyq жүйесінде вакцина алған тұрғындар қандай түсті мәртебеге ие болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ashyq қосымшасында вакцинация паспорты қашан біріктіріледі және мұндай азаматтар қандай түсті көрсетеді?

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері жоба жетекшілерін осындай сауал қойды. Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина вакциналау паспорты Ashyq қосымшасына кіріктірілетінін айтты.

Қазір бұл мәселе Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрліг нің мамандарымен бірге пысықталып жатыр.

«Вакцинаның екі компонентімен толық егілгендердің мәртебесі жасыл түспен белгіленетін болды», - деп түсіндірді Жанар Оразалина. Департамент басшысы вакциналау паспорты Ashyq қосымшасымен 1 шілдеге дейін интеграцияланатынын айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар