$ 445.66  474.58  4.78

Бала көтере алмаған әйелдер QazVac салдырған соң жүкті болып жатыр

Бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бала көтере алмаған онға жуық келіншек вакцина салғызған соң, аяғы ауыр болғанын айтып, ғалымдарға алғысын жаудырыпты. Бірі дәрінің бір дозасын алып, тағы екеуі екпенің қос компонентін қабылдағаннан кейін бала көтергенін растаған. Сонда індетке қарсы препараттың осындай ерекше әсері бар ма? Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе?

Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцинаны салдырған соң жүкті болған. Бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.

Күнсұлу Закарья, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры:

Ол мүмкін вакцинадан да болар. Ол басқа да жағдайлардан да болуы мүмкін. Дегенмен факт. Вакцинациядан кейін осындай тіркелгендеріміз бар.

Алайда, осы дерекке нақты екпенің қатысы бар я жоқтығын әзірге дәлелдеу қиын. Өйткені жүкті келіншектер клиникалық зерттеулерге қатыспайды. Қалай болғанда да, бастысы енді дүниеге дені сау бөпелер келсе болғаны.

zakon.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары