$ 446.49  475.38  4.79

Еліміздің бес облысында ескерту жарияланды

15 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Синоптиктер еліміздің бес өңірінде ауа райына қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

15 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.

15 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.  

15 мамырда Маңғыстау облысында күндіз 38-39 градус қатты ыстық болады.

15-16 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.  

15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары