Орал қаласында 83 жастағы қария екінші қабаттан секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 15 мамыр күні Ю.Гагарин көшесіндегі 99-үйде болды. Осы үйде 51-ші пәтерде тұрған 1938 жылғы зейнеткер екінші қабаттан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Ол қатерлі ісік дертіне шалдыққан. Бұл оқиға туралы хабар сағат 18.35-те түскен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 18.42-де шақырылды. Қария жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Еске сала кетейік, Орал қаласында 2 жасар қыз екінші қабаттағы терезеден құлап кетті.