Асель Айтпаеваның ici бойынша полиция күдiктiнi ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы А. Айтпаеваның ата-анасының М. Мейрбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде ҚР ҚК 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады.
Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелетiн М. Мейрбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінiң Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.