Израиль әскері Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы әскери басшыларының үйлеріне шабуыл жасады. Бұл туралы әскердің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Life.ru.
ХАМАС "Әль-Фаркаин" батальонының командирі Халед Манамара мен арнайы операциялар штабының бастығы Рейд Саадтың үйі қираған. Соққылар жойғыштар арқылы жасалған.
Бұған дейін Израильдің әскери-әуе күштері Газа секторындағы ХАМАС саяси бюросы бастығының орынбасары Халил әл-Хайидің үйіне шабуыл жасаған.
Еске салайық, 15 мамырда Израиль Газадағы халықаралық БАҚ кеңселері орналасқан ғимаратты қиратқан еді. Осыған байланысты Ақ үй тәуелсіз БАҚ-тағы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Израиль тарапының басты міндеті екенін еске салған болатын.