Санитар дәрігерлер Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ компаниясы қызметкерлерінің асханадан жаппай улану дерегін тексеруді бастады.
«Хабар 24»-тің хабарлауынша, ақ халаттылардың мәлімдеуінше, тамақтан уланғандардың алтауы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Екеуі кейіннен жағдайына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылыпты. Бұдан бөлек, үш науқас амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, барлық науқастың жағдайы орташа ауыр дәрежесінде.
aikyn.kz