18.05.2021, 08:30

Коронавирус: 192 пациенттің жағдайы өте ауыр

Тағы 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сoronavirus2020.kz сайтыҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 18 мамырдағы ақпаратты жариялады.

18 мамырдағы мәлімет бойынша, 38 151 адам коронавирус инфекциясынан (37 694 КВИ+ және 457 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 768 пациент стационарда, 24 383 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

• 756 адамның жағдайы ауыр,

• 192 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.