$ 494.87  520.65  4.91

Бүгінгі ауа райы: Жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл

Елімізде 18 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Елімізде 18 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстігінде және батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-батыста кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, желдің күшейюі түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады күтіледі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Жамбыл, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл болады деп күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20 м/с дейін жетіп, Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Күндіз Батыс-Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары