ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын алды. Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші дозасы секілді қазір де көңіл-күйім жақсы. Ешқандай реакция жоқ. Вакцина – пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді қорғаңыздар!», - деп жазды министр.
Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды.
2021 жылғы 17 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 844 938 адам вакцина алған.