17 мамырда әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында оқыстан қырылған жануарлардың өлі ұшасын жою кезінде кездескен тірі киіктердің бейнежазбасы таратылды.
Осыған байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер пікір білдірді.
«Өлген жануарларды жинау және кәдеге жарату Тау ауылдық округінің әкімдігімен бірнеше учаскелерде жүргізілді. Оқиғаға байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарларға жасалған кез-келген қатыгездікті айыптайды және осы саладағы заң бұзушыларға нөлдік төзімділікпен қарайтынын жеткізеді!», - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың 13 мамырында БҚО Жәнібек ауданы Тау кентінің жанынан 372 өлген киік ұшасы табылған. Алдын-ала ақпарат бойынша, жануарлардың өлімінің себептерінің бірі осы аймақтағы қолайсыз ауа-райына байланысты болуы мүмкін (нөсер жаңбыр мен найзағай), өйткені қаңқаларда найзағай разрядымен зақымдану белгілері бар.