Қатты соққан жер Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы Техникалық колледждің 300 шаршы метр шатырын ұшып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖД сілтеме жасап.
«Қатты соққан жел 18 мамырда сағат 23.40-та Алтай қаласындағы Техникалық колледждің 4 қабатты ғимаратының 300 шаршы метр шатыры ұшып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдарының комиссиясы жұмыс жүргізуде», - делінген хабарламада.