$ 494.87  520.65  4.91

«Сөйлейтін аялдама»: Атырауда алғашқы пилоттық жоба жүзеге асты

«Перзентхана» аялдамасындағы ақпараттық таблода маршрут нөмірі, соңғы аялдама мен автобустың келетін уақыты көрсетіледі.
фото: ғаламтордан
фото: ғаламтордан

 Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Авангард-4 шағын ауданындағы «Перзентхана» аялдамасына арнайы ақпараттық таблосы бар тақта орнатылған деп жазды NEGE.

Бұл – қаладағы алғашқы пилоттық жоба. «Ақпараттық тақта қала әкімінің бастамасымен орнатылды. Оны «Смарт Атырау» КММ әзірледі. «Перзентхана» аялдамасындағы ақпараттық таблода маршрут нөмірі, соңғы аялдама мен автобустың келетін уақыты көрсетіледі. Ал, нашар көретін және зағип жандар үшін дыбыс нұсқасы бар. Дауыспен хабарлау екі тілде – қазақша және орысша айтылады. Аталған деректерді білу үшін сары нүктені басу қажет. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдарға қолжетімді орта құру үшін жасалды», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда метанмен жүретін автобустар жолға шыққанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары