Ақтау қаласының 35 жастағы тұрғыны Гаухар Ешмұханова - тоғыз баланың анасы. Ерлі-зайыптылар бүгінде оныншы сәбиін күтіп отыр деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы.
Ақтаулық Сакен мен Гауһар Ешмұхановтар 2001 жылы отбасын құрған. Содан бері жас отбасының тоғыз перзенті өмірге келді. 4 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптының тұңғыштары 19 жаста. Кенжесі 9 айлық. Оның ішінде қатар өсіп келе жатқан егіз ұл мен қыз бар. Бүгінде көпбалалы отбасы 10-нәрестесін күтіп жүр. Бала тәрбиесінен бөлек, әр түрлі саланы меңгерген Гауһар Ешмұханова өнерден де кем емес. Мерекелік жиындарда ән салады.
"Бала тәрбиесінде енем мен үлкен қыздарымның көмегі зор. Осы жақындарымның арқасында өзіме де уақыт тауып жүрмін. Бала баланы бағады дегендей, шүкір көз алдымда өсіп келе жатыр. Қазір қыздарыма үй шаруасын сеніп тапсыра аламын", - дейді Гауһар Ешмұханова.
Сонымен қатар, Ешмұханавтар отбасы қайырымдылықпен айналысып, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып тұрады.