19.05.2021, 18:20

Өскеменнің әкімі кепілге алынған әйелді күйеуінен босатып алды

фото: пресс-служба СЦК
Ер адам билік өкілдерінің келуін талап етті. Онымен қала әкімі кездесті.

Өскеменде ер адам әйелін кепілге алды. Өзінің үйінде балтамен қаруланған ол билік өкілдерінің келуін талап етті, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz порталы. 

Ер адамның үйіне қала әкімі Жақсылық Омар барды. Ол үйге кіріп, әйелді босатуды сұрады. Олардың нақты не туралы сөйлескені белгісіз. Алайда қала әкімімен сөйлескеннен кейін ер адам балтаны терезеден лақтырды. Үйден Жақсылық Омармен бірге шықты.

Содан кейін ер адам үйді қоршауға алған полицияға ерікті түрде өзі барды. 

Оқиғаның егжей-тегжейі белгісіз.

Тегтер: әкім Өскемен