$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан Токиодағы Олимпиада ойындарына қанша млрд теңге жұмсайтыны белгілі болды?

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға 6 млрд теңге бөлген.
Фото: Global Look Press
Фото: Global Look Press

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақстандық спортшылардың Токио Олимпидасына (жазғы) қатысуына мемлекет тарапынан қанша қаржы бөлінетініне жауап берді деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұл бағытта Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Министрлік арқылы Ұлттық олимпиада комитетіне Токиода өтетін Олимпиада ойындары үшін шамамен 15 миллиард теңге бөледі», - деді Ерлан Қожағапанов ОҚК-да өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада (жазғы) ойындарына шамамен 6 млрд теңге жұмсалған.

Еске салайық, пандемияға байланысты 2020 жылдың тамызында өтуі тиіс Токио олимпиадасы кейінге қалдырылды. 2021 жылдың басында Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах биыл Олимпиада ойындары жоспарланған уақытта өтетінін мәлімдеді.

Олимпиадада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сондай-ақ биыл дүбірлі додаға бейсбол, каратэ, серфинг, құзға өрмелеу және скейдбординг секілді жаңа спорт түрлері қосылды.

Ал, қазақстандық спортшылар Токио олимпиадасында ел намысын спорттың 30 түрінен қорғауды жоспарлап отыр. Әзірге ҚР спортшылары Олимпиадаға 53 жолдама жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары