$ 448.89  477.93  4.76

БҚО-да 4 тонна астық тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртеніп кеткен.

Батыс Қазақстан облысында 4 тонна зығыр дәнінің тұқымы тиелген жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлады aikyn.kz.

ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні Теректі ауданы аумағында болған.

Самара-Шымкент жолында Жаңаөмір ауылына бұрылар тұста 1983 жылғы жүргізуші рульге ие бола алмай, ГАЗ-53 автокөлігі аударылып қалған.

Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, тұқым ішінара өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 18:10-да толықтай ауыздықталды. 

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#БҚО