Жаңалықтар 20.05.2021 сағат 07:10

Тоқаев қазақ баласын құтқарған түрік дәрігеріне алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Шекерге «Ерекше батылдығы үшін» алғыс хатын жөнелтті.
Тоқаев қазақ баласын құтқарған түрік дәрігеріне алғыс айтты
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өмір мен өлім үстіндегі бала жанын ажалдан арашалап қалған түркиялық дәрігер марапатталды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат агенттігі  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Осыдан бірнеше ай бұрын Бішкектен Ыстамбұлға ұшып келе жатқан қазақстандық нәрестенің жүрегі сыр беріп, тоқтап қалады. Мұны естіген борттағы түрік депутаты әрі дәрігер Режеп Шекер жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасап, сәбиді аман алып қалады.

Оқиғамен таныс болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Шекерге «Ерекше батылдығы үшін» алғыс хатын жөнелтті.

Президенттің марапатын Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік парламентінде табыстап, жүрекжарды алғысын білдірді. Салтанатты шараға Түркия Ұлы ұлттық Мәжілісінің депутаттары мен қызметкерлері қатысты.

Өз кезегінде Режеп Шекер «Әрбір оқиғаның өзіндік мәні бар» деп, алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

«Оқиғаның болғаны өкінішті. Дегенмен, нәтижесі жақсы. Нәрестелердің отбасымен хабарласып тұрамыз. Тіпті бірнеше күн бұрын бейне жолдапты. Салмақ қосыпты. Аман болсын. Екі елдің бауырластық және достық қатынасына себепші болды. Ілтипат білдірген Президент Қасым- Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіріп, бірер күн бұрын өткен туған күнімен құттықтаймын», - деді депутат, дәрігер Режеп Шекер.   

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар