$ 444.22  476.38  4.82

Тимур Бекмамбетов «Қожа Насыр» атты мультфильм түсіреді

Туынды 2024 жылы көктемде шығады. Бюджеті – 500 млн рубль.
Фото: kaz.orda.kz
Фото: kaz.orda.kz

Тимур Бекмамбетов «Қожа Насыр» мультфильмін түсіруді жоспарлап отыр, оның басты кейіпкері фольклорлық кейіпкер есек болады. Бұл туралы Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады.

– Есек деп тұрғаным, ол – біз. Біз есек сияқты өмір сүреміз, жұмыс істейміз. Тек аяқ астындағы шаңды көреміз. Басымызды көтере алмаймыз. Бізге басымызды көтеріп, өмірге деген көзқарасымызды түбегейлі ауыстыра алатын, жол көрсете алатын Қожа керек. Жалпы мультфильм Қожа туралы емес, есек туралы болады, – деді Бекмамбетов.

Еске салсақ, бұған дейін Тимур Бекмамбетов өзінің алғашқы «Қожа Насыр» театрландырылған қойылымын Ұлттар театрында ұсынған. Онда кейіпкерлерді Евгений Миронов, Константин Хабенский, Виктор Вержбицкий, Игорь Золотовицкий, Чулпан Хаматова, Елизавета Боярская мен Инга Оболдина дауыстаған.

Туынды 2024 жылы көктемде шығады. Бюджеті – 500 млн рубль.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары