$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да мыңға жуық адамды кене шаққан

19 мамырдағы жағдай бойынша кене шаққан 995 адам медициналық көмекке жүгінді.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Шығыс Қазақстан облысында мыңға жуық адамды кене шақты, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюске сілтеме жасап.

19 мамырдағы жағдай бойынша кене шаққан 995 адам медициналық көмекке жүгінді. Өткен жылы осындай уақытта 1630 адамды кене шаққан еді, – деп мәлімдеді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаменті.
Мамандардың айтуынша, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонайха және Алтай аудандары, Риддер мен Өскемен қаласының айналасы кене энцефалитінің табиғи ошағы болып саналады.

Өткен жылы бұл елді мекендерде 21 кене энцефалиті тіркелген. Ал биыл, әзірше, ауру бірде-бір адамнан анықталмады, – деді дәрігерлер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО