$ 494.87  520.65  4.91

«Біртановқа қатысты тағы бір іс тергеліп жатыр» - Бас прокуратура

Экс-министрді үйқамақта ұстау мерзімі 14 маусымға дейін ұзартылды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановқа қатысты санитарлық авиация бортында тасымалдауды бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

«Қаржы мониторингі агенттігі санитарлық авиация тасымалын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз», - делінген Бас прокуратураның Informburo.kz агенттігіне берген жауабында.

Ведомстводағылар тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын жеткізді.

6 мамырда сот шешімімен экс-министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартылды. Судьяның мәлімдеуінше, күдікті Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтініш ішінара қанағаттандырылған. Ал, экс-министр сотта сөз алып, өзіне әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары