21.05.2021, 18:20

«Қазақстанда жақын арада Tesla пайда болады» - Илон Маск

Фото: видеодан скриншот
Маск электромобильдер шығаратын зауытты Ресейде орналастыруды жоспарлап отыр.

Америкалық миллиардер және Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Қазақстанда электромобильдер пайда болатынын мәлімдеді деп хабарлайды Прайм.

Америкалық миллиардер Илон Маск көп ұзамай ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда Tesla электромобилдерінің пайда болатынын мәлім етті.

Бұл туралы Tesla компаниясының негізін қалаушы "Жаңа білім" ресейлік марафонында видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінде айтты.

"Менің ойымша, біз жақында Ресейде барамыз, сонымен қатар, Tesla жақын арада Ресейде пайда болады, бұл таңқаларлық жағдай деп ойлаймын. Оған қоса, Қазақстан, ТМД елдерін саралап, ауқымды кеңінен алу қажет", – деді Маск.

Маск электромобильдер шығаратын зауытты Ресейде орналастыруды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, мұндай зауыттың бірі Шанхайда салынған және қазір Tesla басшылығы тағы да әлемнің басқа бөліктерінде де дәл осындай зауыттар ашуға ниетті, Ресей елі үміткерлер тізіміне енген.

 "Біз әлемнің басқа бөліктерінде де зауыттарымыздың болғанын қалаймыз, қазір Ресейді қарастырып жатырмыз", – деп қосты ол.

Еске салсақ, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан бүгінде Илон Масктың SpaceX компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы хабарлаған еді. Министрліктің мақсаты – Қазақстандағы әрбір елді мекенді интернетпен қамту. Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын ала келісімдер жасалды.