$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

BMW E34 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жылдамдық режиімін сақтамаған.

Алматы облысында жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып, қоршауға соғылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының 46-шы шақырымында Еңбекшіқазақ ауданы маңында орын алды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW E34 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жылдамдық режиімін сақтамағандықтан, рөлге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Апат салдарынан көлік қатты жаншылды. Қатты зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша сотқа жолдануы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары