21.05.2021, 21:38

Қостанай облысының тұрғыны 9-қабаттан құлап, көз жұмды

Фото: ашық дереккөзі
47 жастағы әйел 9-қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлаған.

Полиция «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

WhatsApp желісінде мәйіттің жанында полицияның жұмыс істеп жатқаны түсірілген видео тарап кетті. Ведомствоның хабарлауынша, оқиға 2021 жылдың 20 мамыры күні Лисаковск қаласында болған.

«47 жастағы әйел 9-қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлаған. Қазіргі кезде осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды», - деп қысқа қайырды полиция.

Аталмыш фактіге қатысты «Өзін-өзі қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша соталды тергеу басталды.