22.05.2021, 09:47

Шымкентте 11 жасар балаға қазық қадалып қалды

Фото: ашық дереккөз
Абайсызда құлаған баланың сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті.

Шымкентте 11 жасар оқушы ойнап жүріп абайсызда құлап, соның салдарынан сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Бала жақын жердегі №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Шамамен 15-20 сантиметрлі қазық кіріп кеткен оқушыға дереу ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті аяқталған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бір қалыпты. Ақ халаттылар ата-аналарға балаларына баскөз болып, сақ болуға шақырады.

Жаз мезгілінде осыған ұқсас оқыс оқиғалар саны артады. Дәрігерлер, ата-аналарға барынша балаларына баскөз болып, сақтанып жүреге шақырады.