22.05.2021, 16:47

Қарағанды облысы тұрғыны отадан кейін ішінде қалып қойған дәкемен бір жыл жүрген

Дәрігерлер оны инфекция түскен деп тағы да операция жасапты. Алайда ауру одан сайын асқынып кетті дейді.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны Талғат Елубаевтың елде есігін ашпаған ауруханасы қалмапты. Талғаттың сөзінше Жезқазғанның уролог дәрігерлері бүйрегіңде тас бар деп ота жасайды. Бірақ дәл осы операциядан кейін жағдайы қиындаған науқасқа елорданың ақ халаттылары қайта ота жасаған. Сорақысы нұр-сұлтандық дәрігерлер оның ішінен таңғыш материал тауып алыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осыдан бір жыл бұрын Талғат Елубаевқа Жезқазған ауруханасының дәрігерлері бүйрегінде тас бар деп ота жасаған. Айтуынша, сау бүйрекке ота жасағаннан кейін жағдайы ушығып кеткен. Дәрігерлер оны инфекция түскен деп тағы да операция жасапты. Алайда ауру одан сайын асқынып кетті дейді. Жаны қиналған азамат елорданың бірінші ауруханасына түседі. Сөзінше, кеше ота жасау кезінде дәрігерлер оның ішінен дәкені алып шыққан.

“Кеше ота болып, ішінен жіп па, білмеймін, өзімнің қолыма орап берді. Қолыма берді, сол міне ішінде шіріп кеткен дейді. Соны алып шықты міне”, – дейді науқас Талғат Елубаев. 

Туысы Гүлмира Елубаева ағасын ауыр хәлге түсірген Жезқазған дәрігерлерлерін жазалауды сұрайды. Айтуынша, ақ халаттылардың кесірінен Талғат Елубаевтың жағдайы қиындап кеткен.  

“Біздің Жезқазғанның дәрігерлері жіберітн былықбайлары осымен бір емес екінші рет. Ол бүйрек ішін ашқан кезде, сау болып шықты. Оны қайтіп жапқан кезде инфекция түсірді. Инфекцияның аяғы осындай шаруаға барып тұр. Астанаға ең соңғы келіп тұрмыз, кеше осы Қошқарбаев атынағы қалалық ауруханадаота жасалды ағама, ішінен дәке шықты жібімен. Сол іріндеп іріндеп, қанша узиға түсті неге түсті ешқандай білмейді міні тауып отыр”, – дейді науқастың туысы Гүлмира Елубаева. 

Ал Жезқазған қалалық орталық ауруханасынан сұхбат алу мүмкін болмады. Ал Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты тексеру жұмыстарының басталғанын айтады.