Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық өңіріне мынадай кәсіпкерлік нысанда "Ashyq" жобасын іске асыру тапсырылды:
йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары; спа-орталықтары; сауналар, бассейндер; PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар; боулинг клубтары; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар; асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары; облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары; ерікті қатысушылар; караоке; көрмелер; океанариум; марафондар; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы; Алматы қаласының әуежайы; (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары; лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Қаулыда сондай-ақ Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу және "сары/қызыл" мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі көрсетілген. Сондай-ақ, жосықсыз қатысушыларды Ashyq-тан шығару рәсімі сипатталған.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.