23 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Еліміздің тек оңтүстігінде және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Республиканың жекелеген өңірінде екпінді жел, оңтүстікте найзағай, солтүстікте шаңды дауыл болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді. Күндіз таулы аймақтарда найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейіп, екпіні 25 м/с артады. Күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Атырау, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Павлодар облысының жекелеген аумағында тұман болады.
Күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болжанады.
Сондай-ақ Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.