24.05.2021, 09:20

Қай өңірлер «қызыл» аймаққа кірді?

Фото: inform.kz
Соңғы мәлімет бойынша қызыл аймаққа енген 6 өңір белгілі болды.

24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

Тегтер: коронавирус