Жаңалықтар 25.05.2021 сағат 21:44

Аптап ыстық болады: бірнеше облыста ескерту жарияланды

Синоптиктер кей өңірлерде 40 градусқа дейін ыстық болатынын айтты.
Аптап ыстық болады: бірнеше облыста ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Синоптиктер күннің қатты ысуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

26 мамырда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің бағыты оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с болады. Кей жерлерінде 38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

26 мамырда Қызылорда облысында шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15 м/с жетеді. Сондай-ақ 40 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

26 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде 38 градус қатты ыстық сақталады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа жел ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 мамырда күндіз Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ болады, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, 37 градусқа дейін қатты ыстық болады.

26 мамырда күндіз Атырау облысында кей жерлерде 38 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

26 мамырда тәулік бойы, 27-28 мамырда күндіз Жамбыл облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. 26-28 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.  

26 мамырда Қостанай облысында найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

26 мамырда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар