Жаңалықтар 27.05.2021 сағат 09:40

Сарағаштағы ежелеп оқитын мұғалім мемлекеттік емтиханды «беске» тапсырған

Педагог орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ ауылындағы мектепте ежелеп оқитын мұғалім туралы видеоролик бұған дейін әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен болатын. Орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстаз қазір бала күтіміне байланысты демалысқа кеткен деп хабарлады Otyrar.kz.

Садриддин Айни атындағы №8 орта мектептің директоры Гүлсара Хасанованың айтуынша, ежелеп оқитын мұғалімді жұмысқа ол өз еркімен қабылдамапты. Жас маманды аудандық білім бөлімі жіберген.

«Ол алдымен тесттен өткен, сосын екінші кезең – әңгімелесуден өткен. Маған дайын жолдауымен келді. Мен жұмысқа алдым», - деді мектеп директоры.

Оның айтуынша, мұғалім тек алғаш келген 2019 жылы ғана осылай ежелеп оқыған. Қазір оның сауатында кінәрат жоқ дейді. Алайда, ата-аналар мұнымен келіспей отыр. Интернетте тараған видео былтыр карантин уақытында түсірілген дейді олар.

Белгілі болғандай, педагог ЖОО-да өзі сабақ беретін орыс тілі мен әдебиетінен мемлекеттік емтиханды беске тапсырған екен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар