Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мемлекет тапсырасына қолдау білдіріп, өз пікірін жазды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды той-тойлап, мемлекеттің қаржысын талан таражға салған Шымкент әкімдігінен бастасын деген ойын жазды.
"Президентіміздің кешегі Марат Ахметжановқа берген тапсырмасы қатты ұнады! Үніміз, жан айқайымыз президентке жетіп жатыр. Президенттің міндеті тапсырма беру! Ал оны орындау үкімет мүшелеріне жүктеледі! Ал Марат Ахметжанов өзіне жүктелген тапсырманы орындай алады ма?
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан министрлер мен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың нақты талаптары әзірленеді. Бұл мәселеде енжарлық танытқан басшылар жауапқа тартылады" делінген ресми сайт хабарламасында.
Мемлекет басшысы бюджет қаржысын жұмсаудың ашықтығын одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайластықтың алдын алу шараларына басымдық беру туралы айтты.
Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражат пен активтерді іздестіруге және қайтаруға басымдық бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыстар жасағаны үшін жазаның бұлтартпас қағидатын мүлтіксіз сақтау қажет екеніне назар аударды.
Той -тойлап мемлекеттің қаржысын талан таражға салған Шымкент әкімдігінен бастасын енді!", - деп жазды заңгер желіде.
Тоқаев күні кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановқа сыбайлас жемқорлықпен күресте енжарлық танытқан министрлер мен әкімдерді жазалауды тапсырған еді.
stan.kz