Бірнеше күн бұрын Түркістан облысында тауларда 7 турист жоғалып кеткен еді. Бүгін аэровизуалды ұшу барысында Қазавиақұтқару тікұшағымен Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылды. Жағдайы қанағаттанарлық.
Таудан табылған студенттер топтың неге бөлініп кеткенін айтты. Өздері мақсат тұтқан биік шың басына барлық жеті студент те жеткен. Алайда, қайтар жолда адасып кетеді.
Арамыздағы бір адам ауырып қалды да, оның жанында екі адам қалып, төрт адам жолды жалғастырды. Біз сол жерде үш күн түнедік. Қайтар жолда бізді құтқарушылар тауып алды, - деді олар.
Ал қалған төрт турист әлі іздестіріліп жатыр.