$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда сотталған жігіттер қалдықтан «Алтын адам» мүсінін жасап шықты

Қазіргі уақытта суретші «Үміт 2021» республикалық байқауына қатысып, онда өзінің төрт жұмысын көрсетуді жоспарлап отыр.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Алматыда сотты болған екі жігіт «Алтын адам» мен «Дарынды қыз» мүсіндерін жасап шықты. Қылмыстық атқару жүйесіне қарайтын ЛА-155/18 мекемесінде 1300-ден астам адам сот үкімін күтіп отыр. Бұдан бөлек жазаға кесілген 60-қа жуық адам осы тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарымен тұрақты айналысады. Олардың міндетіне - қамалғандарға тамақ дайындау, мекеменің электр жабдықтарын бақылау, тазалық пен абаттандыру жұмыстары кіреді. Сотталғандар негізгі міндетінен бөлек қалаған шығармашылық жұмыстарымен де айналыса алады.

Станислав пен Ермек мекеме қоймасында жатқан қалдықтарды кәдеге жаратқан. Олар  ҚР Қылмыстық кодексінің 190 – бабы бойынша сотталған. Екеуі Қазақстанның аты аңызға айналған олжасы - «Алтын адам» мен «Дарынды қыздың» мүсіндерінің жасап шықты.

«Біз осындағыларға патриоттық сезім, жақсы көңіл-күй мен бостандыққа деген үміт сыйлауы үшін осындай өнер туындысын жасағымыз келді. Осы идеямен біз тәрбие бөлімінің бастығы мен тәрбие жұмысы жөніндегі инспекторға барып, ескерткішті қалпына келтіргіміз келетінін айттық. Олар білім беру бөлімінен мақұлдау мен қолдау алды», - дейді Станислав.

Мүсінші бала кезінде Мәдениет үйі жанындағы өнер студиясына барып, Алматы Балалар көркемсурет мектебін үздік бітірген. 1997 жылы О. Таңсықбаева атындағы Алматы көркемсурет училищесінде суретші-шебер мамандығы бойынша білім алған. Станислав бостандықта жүргенде дизайн жұмыстарымен айналысып, логотиптер, корпоративті сәйкестіктер мен веб-сайттар жасау бойынша өзінің жеке компаниясын да ашыпты.

«Ермек сынған учаскелерді бекітумен айналысты. Мен модельдеумен, бөлшектеумен, түс таңдаумен, лакпен және бояу жұмыстарын істедім. Жасақтың барлық балалары біздің жұмысымызды көргенде, әрқайсысы өздерінің ұсыныстарын айтты. Құрылысшылар ескерткіш үшін негіз жасауды ұсынса, электриктер ескерткішті орнатуға арналған орын дайындап, жарықтандыруға көмектесті. Ескерткіш ұзақ уақыт тұруы үшін дәнекерлеуші Болат сыммен арматура жүргізуге жәрдемдесті. Қажетті материалдарды сатып алуға көмектесіп, ескерткіштің айналасына гүл отырғызу идеясын ұсынды, бұл да іске асырылды. Жұмыс көп болды, бірақ бәрі үлкен ынта мен ықыласпен істелінді. Шығармашылығым түрмеде тоқтаған жоқ», - деді сотталушы.

Қазіргі уақытта суретші «Үміт 2021» республикалық байқауына қатысып, онда өзінің төрт жұмысын көрсетуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ер адам қолданбалы өнер секциясында сотталғандардың ерікті ұйымында тұрады.

«Бүгінгі таңда республиканың пенитенциарлық мекемелерінде Қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінде өзінің шығармашылық қызметін жалғастыратын 700-ден астам сотталған азамат жазасын өтеп жатыр. Мекеме әкімшілігі өз кезегінде олардың бастамаларын қолдайды және барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етеді. Қоймада бөлшектеніп сынып жатқан мүсіннің негізгі авторы 2013 жылы осында қамауда ұсталған адам екен. Ол мүсіндерді 2013 жылдың шілдесінде Астана күніне орай жасаған. Қирап қалған заттардан қайта жасалған мүсіндер мекеменің абаттандыру алаңына қойылды», - деді Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасында тәрбиелік, әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының бас маманы Шынар Құсайынова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары