Жаңалықтар 29.05.2021 сағат 05:51

29 мамырға арналған ауа райы болжамы

Күндіз 29-31 мамырда 38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
29 мамырға арналған ауа райы болжамы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазгидромет» РМК 29 мамыр күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Атырау облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Сондай-ақ өте жоғары өрт қаупі болжанады.

Күндіз Ақтөбе облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

29-30 мамырда Қарағанды облысында> желдің күші шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз 30 мамырда жекелеген аумақтарда найзағай күтіледі.

Күндіз 29-30, тәулік бойы 31 мамырда Жамбыл облысының> кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжанады. 29-31 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 29-31 мамырда 38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар