Елорда полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұ-Сұлтан қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азамат 31 жастағы астаналық тұрғынды өлтірді деп айыпталып отыр.
«2017 жылдың желтоқсан айында марқұм дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Қылмыс түнгі клубтағы төбелес кезінде жасалғаны анықталды. Күдікті ойын-сауық мекемесінде сағат 05.30-да жәбірленушіні пышатап, қашып кеткен. Осы уақыттан бастап ол Ресей аумағында және Қазақстанның шалғай аймақтарында жасырынып жүрді. Күдікті Нұр-Сұлтанда ұсталды», -деп жазады полицияның баспасөз қызметі.
Күдіктіні ұстау операциясы Қабанбай батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өткен. Бұрын да сотты болған 41 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.