29.05.2021, 18:42

500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

Фото: ашық дереккөзі
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры мәлімдеді.

ҰБТ-да тестілеуден 85 мың бітіруші өтті, оның 500-інің нәтижелері жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

«Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару – ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-дің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ.

– ТЕСТ БАЗАСЫ КҮНДЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ! КҮНДЕ ЖАҢА СҰРАҚТАРДЫҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ШЕШІЛІП, БАҒДАРЛАМАҒА КІРГІЗІЛЕДІ! Өзіңізді алдамаңыздар», – деп жазды Смағұлов өзінің Facebook парақшасында . 

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың 1 қыркүйекте мектепке баратын-бармайтынына жауап берген болатын . «Келесі оқу жылы қашықтық форматта болуы мүмкін емес», – деп қосты ол. 

Тегтер: ҰБТ