$ 498.34  519.72  4.85

БҚО-да ер адам мас күйінде көпірден секіріп кетті

Оқиғк қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Оралда ер адам мас күйінде көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 мамыр күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында болды.

Сағат 19.50-да жедел құтқару жасағы (2 адам, 1 техника) Шаған өзенін аралау (патрульдеу) кезінде 46 жастағы ер адамды құтқарып қалды.

Ер адам мас күйінде жаяу көпірден секіріп, шомылуға тыйым салынған жерде суға батып бара жатқан.

БҚО ТЖ департаменті суда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін тұрғындардың есіне салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көпір #БҚО