$ 447.4  477.55  4.76

Футболдан чемпиондар лигасы: «Челси» финалда «Манчестер Ситиді» жеңді

Осылайша, "Челси" тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр.

Лондондық "Челси" футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Ситиді" жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Португалиялық "Драгау" стадионында өткен матчта ағылшын клубтары кездесті. Бұл "Челсидің" Чемпиондар лигасындағы үшінші финалы болса, манчестерлік клуб турнирдің шешуші матчына алғаш рет шыққан. 

Былтырғымен салыстырғанда бұл жолғы финалға жанкүйерлер жіберілді. Фанаттар бұл ойында жалғыз гол көре алды. Оны 42-минутта "Челси" жартылай қорғаушысы Кай Хаферц соқты. Эдерсонмен бірге-бір шыққан футболшы қақпашыдан сытылып өтіп, допты бос қақпаға бағыттады.


©Reuters

Үзілістен кейін "Манчестер Сити" допқа көбірек ие болғанымен, таразы басын теңестіре алмады. Негізгі уақытқа 7 минут қосылған, бірақ "Челси" қорғаныста сенімді ойнады. 

Осылайша, "Челси" тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр. Бұған дейін 2011/12 жылғы маусымда жеңіске жеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары