15.09.2016, 05:41

АҚШ билігі жайылым жерлерді тазарту үшін 45 мың жабайы жылқыны өлтірмекші

АҚШ-тң билігі жайылым жерлрді тазартып, ол жерлерге фермалар салу үшін жайылып жүрген жабайы 45 мың жылқыны өлтіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Independent газеті хабарлап отыр.

Басылымның мәліметінше, Америка Құрама штаттарының аумағында бар-жоғы 50 мыңдай жабайы жылқы бар. Олардың 45 мыңын өлтірсе қоршаған ортаға айтарлықтай залал келеді дейді америкалық сарапшылар.

Жылқылардың көзін жою жеке кәсіпкерлердің қолымен жүргізіледі. Бірақ, бұл істің нақты қашан және қандай жолмен жүзеге асатыны айтылмай отыр.

Қазіргі таңда жан-жануарларды қорғау ұйымдары биліктің бұл бастамасына қарсылық білдіріп, наразылықтар ұйымдастыруда. Олар Change.org порталы арқылы петиция жариялады. Оған қол қойғандар саны қазірге дейін 71 мың адамнан асып кетті.